Роза Әлқожаны тонап кетіпті
Танымал әнші Роза Әлқожаны шетелдіктер тонап кетіпті. Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Жақындарымен Еуропа қалаларына саяхаттаған өнер иесі түрлі оқиғаны бастан кешкен. Венецияның тұмса табиғатына тамсанған әнші сол елде паспорттарын ұмытып, ұшақтан кешігіпті. . Ол аз болғандай Грецияның аралында жергілікті ұры-қарылар Әлқожаның әмиянын ұрлаған. Өзге мемлекетте оқыс жағдайға тап болған отандасымыз елге аман-есен жетуді нәсіп етсін деп тілеп отыр.
«Алматы-Стамбул-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды.
Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды!
Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің.
Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді.
Алланың қалауымен бәрі де болды.
Миконоста ақшамызды ұрлаттық.
Венециядан ұшқалы тұрғанда бір бірімізге сеніп паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік.
Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық.
Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін!», деп жазды ол парақшасына.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз