Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫЭкономика

Түркістанда «туалет» жетіспейді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов айтты.

Өңір басшысы  Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кезекті жиында  аймақтағы туризм саласының мәселелері талқыға түсті.

Облыс басшысы бұл саланы тездетіп жандандыруды, кемшіліктермен жұмыс істеуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдеріне киелі нысандардың тазалығын сақтауды айтып, сол аумақтағы жол белгілері мен жарықтандыру мәселесін шешуді жүктеді.

Осы жиында  облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов туризмді дамыту бойынша    жан-жақты талдау жүргізілгенін баяндады. Сондай-ақ отандық туризм мамандары мен сарапшылардың ұсыныстары тыңдалып, бірқатар жобалар жоспарланып отыр. Жалпы жыл басынан бері өңірге 15 мың шетелдік турист келген. Ал жалпы келушілердің арасында жүргізілген сауалнамада басым көпшілігі қызмет сапасы мен әжетханаға шағым жасаған.

А.Нәби

ФОТО: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button