Басты жаңалықтарҚоғам
Елімізді жаңа куәлік беріліп жатыр
Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады. Бұдан былай құжаттың бетінде иесінің азаматтығы мен жынысы көрсетіледі. Бұрын бұл ақпараттар чипте сақталған еді. Жеке куәліктің жаңа дизайны үшін бюджеттен бір тиын да жұмсалмайтын көрінеді. Сондай — ақ жаңа құжат жасау үшін төленетін мемлекеттік баж салығының көлемі де өзгеріссіз қалады. Оның құны 734,4 теңге. Ал егер жеке басты куәландыратын құжатыңыздың мерзімі әлі бітпеген болса, жаңасын жасатып жанталаспаңыз! Бұл жаңашылдық тек мерзімі өткен куәлік иелеріне қатысты.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз