Қорғаныс саласының қызметкерлеріне жол ережесіндегі өзгерістер түсіндірілді
Елімізде мамыр айынан бастап, жол қозғалысы ережелеріне қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді. Сондай-ақ жолдарға жол белгілері мен тақтайшалар қойылып жатыр.
⚠️Енді жүргізушілер мына стандарттарға сай болуы керек:
➡️Бір жолақты қиып өту
Енді жолда тұтас бір сызықты кесіп өту әкімшілік құқық бұзушылық ретінде жіктеледі. Бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соғады. Оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабына (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) сәйкес жүргізуші куәлігінен алты айға дейін айыру жазасы тағайындалған.
➡️Екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу
Қосымша жолдан басты жолға келе жатқан жүргізушілер басты жолдағы барлық қозғалыс қатысушыларына жол беруі керек. Бұл ереже жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту және жалпы жол қауіпсіздігін жақсарту үшін басқа көліктерге де, жаяу жүргіншілерге де қолданылады.
➡️Бұрылыс маневрлері
Жүргізушілер бұрылыстар кезінде өз жолағын қатаң сақтауы керек. Бұрылу кезінде жолақтарды бөлетін белгілерді кесіп өтуге тыйым салынады. Бұл жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіру және қауіпті жағдайлардың алдын алады.
➡️Белгіленген арнайы жолақтарда жүру
Бөлінген жолақтарды пайдалануға рұқсат етілген көліктердің тізімі кеңейіп келеді. Қоғамдық көліктен бөлек, белгілі бір шарттарды орындайтын басқа автобустар да енді арнайы жолақпен жүре алады. Тек бұл үшін көліктің массасы бес тоннадан асып, жолаушылар орындығының саны сегізден кем болмауы керек.
➡️Жол қиылысында кері бұрылу
Енді жүргізушілерге қиылыстарда кіші және үлкен радиусты бұрылыстар жасауға рұқсат етіледі. Бұл өзгеріс жол қиылыстарында өту мүмкіндігін жақсартуға және бағдаршамда күту уақытын қысқартуға бағытталған. Сондай-ақ көлік қозғалысының тиімді әрі қауіпсіз болуына ықпал етеді.