Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Ләйлә Сұлтанқызы сыныптастарымен 30 жылдық кездесуге барды

Тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы сыныптастарымен 30 жылдық кездесуге барғанын әлеуметтік желіге салды. Шымкент қаласындағы N47 орта мектепте  оқыған құрбы-құрдастарымен жүздескен Ләйлә балалық шақтағы, оқушы кездегі қызық күндерді еске алып, тебіренген.

«Бір нанды бөліп жемесек те, пирожки жегіміз келгенде ақшаны сыныптастарымыздан сұрайтынбыз. Біз бірге өстік, есейдік, сабақтан қаштық, дұрыс жауапты бір-бірімізден көшірдік, қателестік, төбелестік, «старшактарға» ғашық болдық, шараптың дәмін де бірге көрдік. Ұлдар шашымыздан тартып, қыста бетпен қарға шомылдырған қайтып келмес кездер-ай…» деді ол.

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button