Басты жаңалықтарСпортТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістандық спортшылар ел намысын қорғады
Астанада өткен бокстан Азия чемпионатында Түркістан облысының 5 сопртшысы ел намысын қорғап, жеңімпаз атанды. 25 елдің мықтылары бақ сынаған жарыста түркістандықтар жастар 2 алтын, 1 күміс, 2 қоланы олжалады. Жеңіспен оралған спортшыларды жерлестері ерекше құрметпен қарсы алды.
Қазақстанның абыройын асқақтатып, Түркістанның мерейін өсірген боксшылар арасында Төрехан Сабырхан, Шұғыла Нәлібай, Бағжан Отынбай, Аружан Жанабаева мен Ахмет Үсен бар.
Бұдан бөлек, Төрехан Сабырхан «Үздік боксшы» номинациясын иеленді.
ФОТО: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі