Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Келестік жауынгерлерге құрмет көрсетті

Түркістан облысы Келесі ауданында Отан қорғаушылар күніне орай тағылымды шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі аудан орталығындағы  «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» мемориалды тақтасына гүл шоғын қою рәсімі өтті.

   «Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен, Жеңіс күнімен құттықтаймын. Елімізден сан мыңдаған жауынгерлер түрлі соғыстар майданына аттанып, ақтық демі қалғанша шайқасты. Бүгін біз боздақтардың рухына тағзым етеміз. Ортақ жеңіс үшін өмірлерін құрбан еткен қаһармандарымыздың ерлігін мәңгі жадымызда сақтау – біздің азаматтық парызымыз. Елімізде ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін», – деді аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев.
 Шарада қан майданда қаза тапқан боздақтарды еске алып, марқұмдардың рухына Құран бағышталды.
А. Орынғали
ФОТО: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button