Астаналық оқушының ауыз қуысына шаш өскен (видео)
11 жастағы қыз 14 наурызға дейін басқа балалар сияқты қарапайым күн кешкен. Кенет тамағы ауырып, өзін жайсыз сезініпті. Алайда анасы ангинаға сілтеп, аса мән бермегенін айтады. Еңіреген соң ертесі ауыз қуысын ашып қалып, аһ ұрған. Бұл туралы “Евразия” телеарнасы көрсетті.
«Жан-жақтан жүндер өсіп тұрды. Мен қорқып кеттім. Қорқып, қол аяғым дірілдеп, не істерімді білмедім. Сосын бірден жедел-жәрдемге хабарластым. Ол кісілер өздері көргеннің өзінде таңғалып, біздің практикамызда осындай жағдай болмаған деп, бізді 2ші қалалық ауруханаға детский, балалар, сонда алып кетті» дейді анасы.
Шамамен 2 сантиметрдей болатын шаш қыздың жұтқыншағына, тіпті тіс арасында өсе бастаған. Дәрігерлер шағын ота жасап, алып тастауды ұйғарыпты. Операция сәтті өткенімен, мамандардың ойы онға, санасы сан-жаққа кетіп отыр. Өйткені мұндай феномен бұрын-соңды елімізде расымен тіркелмеген.
«Диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, отоларинголог , энокринолог және т.б. бейінді мамандардың қаралуында болды. Бүгінгі күні емдеу жолдары және диагноз әлі белгісіз. Бұндай құбылыс біздің қалада ғана емес әлемде өте сирек кездеседі. Әлі күнге дейін бұл құбылыстың диагнозы қойылмаған» дейді медицина саласының өкілдері.
Қандай ем-дом тағайындарын білмеген мамандар қызды бақылауға алып, үйіне жіберген екен. Бастапқыда жағдайы жақсы болғанмен, соңғы тәуліктерде шаш тамағына қайта шыға бастаған. Безек қаққан ана көмек сұрап Америка, Ресей, Испания, Қытай мамандарына хат жазыпты. Әзірге аспан асты еліндегілер жауап қатыпты. Онысы да екіұдай.
«Мендалиналарын удалить етіміз дейді, мендалинадан бұрын тістің арасында шаш шықты ғой, түбін бірінші анықтап алу керек қой, не себептен ол шықты деп. СКЛ 05:37-05:50 6 балам бар иә, 6 баламмен біреуімен де бір больницада жатқан жоқпын. Шағымданған жоқпыз. Күз, көктем кезінде витаминдерін береміз, қазір беруге де қорқып тұрмын. Бұл үшінші балам», деп жауап берді анасы.
Алайда алаңдаған ана тағы бір жағдайдың әсері болуы мүмкін деп отыр. Аузына шаш өсетін қыз – егіз туылуы тиіс екен. Сыңары жатырда жатқанда шетінеп кетіпті. Сондай-ақ, өтпелі кезең де өз көрінісін беруі ғажап емес деп отыр. Анығы жан-жақты тексерістен соң айқындалмақ.
Зарина Ахметова
ФОТО: Ашық дереккөз