Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Шымкетте ер адам көшенің ортасында әйелді ұрып, тепті (видео)

Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғыны видеосын  laurenty_ospanova парақшасына жариялады. 
Құрбысының туған күніне гүл алып,  дүкеннің алдында такси шақырып тұрған сәтінде арқа тұсынан қатты соққы алады. Жалт бұрылған сәтте артында мас адамның тұрғанын байқаған. «Байқамаған  қолы тиіп кеткен шығар» деп ойлаған.  Алайда мас кісі бұған жұдырық ала жүгіріп, бетінен ұрған.  Көзілдіргі сынып, қорқып кеткен әйел дүкенге қашып кіріп, полиция шақырған.
Бейтаныс адамнан зәбір көрген шымкенттік әйел көшедегі тұрғындардың бұл көрініске бей жай қарағанына, ешкімнің назар аударып, араша түспегеніне қапалы екен.  Оқиға биыл 13 ақпанда болған.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, 50 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Зарина Рахметова.

 

Басқа материалдар

Back to top button