Басты жаңалықтарВидеоСпорт

Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе жек үстінде көз жұмды (видео)

Бұл туралы Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясының президенті Мыңбай Ізмұханов Instagram парақшасында жазды.

17 жастағы  аралас жекпе-жектен өткен Nomad MMA облыстық чемпионатында, жарыс үстінде көз жұмған.

«Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы К. құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті «Батыр» спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті, оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ, өкінішке орай, жас жігітті құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Апаттың ащы нәтижесі бәріміз үшін тосын жағдай болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр. Біз жақын жандарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясының президенті.

Чемпионат 30-31 наурыз аралығында  балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Ақтаудағы «Батыр» спорт кешенінде өткен.

А.Орынғалиұлы.

ФОТО/ВИДЕО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button