Семіздіктің алдын-алу үшін бие сүтін ішу керек
Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жиыннан соң, Қазақ тағамтану академиясының басшысы Төреғали Шарманов осындай кеңес айтты. Себебі, бие сүті қайнатылмайды, құрамында табиғи элементтер көп. Оның сөзінше, жүрек-қан тамыр ауруларының, семіздікпен күресу үшін қымызды көбірек ішу керек екен.
-Транс май қышқылы бір ғана тағамда жоқ, биенің сүтінде. Оны қайнатпайды, пастеризовать етпейді. Табиғаты таза. Құрамында пайдалы микроэлементтер көп. Майы мен ақуызы тез сіңеді, нәрлі. Ол семіздікке апармайды, диабетке жеткізбейді. Жүрек — қан тамыр ауруларының алдын-алуға бірден-бір пайдалы тағам осы. Ал, сиырдың сүтінде табиғи транс май қышқылы бар, — дейді Төрегелді Шарманов
Оның айтуынша, қазір 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында семіздік көбейіп барады. Әсіресе, фаст-фуд өнімдерін, дайын тамақты алатындардың арасында жиілеп кеткен.
-Мүмкіндігінше дұрыс тамақтану, кейбір тағамдардың құрамындағы зиянды заттардың денсаулыққа кері әсері жайлы түсіндіріп, танымдық насихат жұмыстарын көбейту керек, дейді академия президенті.