Басты жаңалықтар

Апатты үйдің тұрғындары Асқар Маминді шақырды (видео)

«Бізге Асқар Мамин мен Бақыт Сұлтанов келсін!. Аудан әкімінен қайран жоқ». 9 наурызда төбесі құлаған Астанадағы жатақхана тұрғындары осылай деп ызаланып отыр. Бірнеше жылдан бері жергілікті билікті жағалап, талай табалдырықты тоздырған елордалықтар енді шыдамымыз таусылды дейді. Қанша хат жазып, мәселелерін айтқанымен осы күнге нақты шешім жоқ. Ал жуырда болған оқиғадан соң тұрғындар тозығы жеткен ғимаратқа кіріп-шығуға қорқады. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы қабылдады.

Оқыс оқиға 9 наурызда, күндіз сағат 12-ден аса болған. Жатақхананың төртінші қабатының тұсы опырылып, дүкеннің төбесіне түскен. Абырой болғанда сол сәтте бұл жерде ешкім жүрмеген. Әйтпесе, кірпіштің астында қалар ма еді.

НҰРСҰЛУ МАХАТОВА – ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНЫ: «Далаға шықсам кусок құлаған. Оның өзі бомба сияқты. Қайта балалар жүрген жоқ сол кезде. Дүкен жабық тұр мына, егер ашық болса талай адам кететін еді.  Халықты қалай ойламайды, мен түсінбеймін. Бізді қойшы, жас балаларға обал емес пе, бәріміз кірпіштің астында қалсақ. Келсін Үкіметтегі Мамині бар, әкімі бар, көрсін. Туалет анау, аспан, дала көрініп тұр»

Қабырғасы опырылғалы екі күн өтті. Сол күні билік өкілдері, төтенше жағдай қызметінің мамандары бір келіп кеткен. Одан кейін жым-жырт. Тозығы жеткен нысанның ішінде көретін жері жоқ. 4 қабатты ғимаратқа, яғни жүзден астам пәтерге бір дәретхана. Ол бірінші қабатта. Оның да сиқы мынау. Түнде бару тіпті қорқынышты дейді. Себебі, бомждар кіріп кетеді екен.

АЗАМАТ ДҮЙСЕКЕЕВ – ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНЫ:»Туалетін көріп тұрсыздар, осында таңертең кезекте тұрамыз. Отыруға қорғамыз. Төбемізден тамшы ағады. Иісін қорамен салыстыруға келмейді».

Құжат бойынша ғимарат 1972 жылы салынған деп көрсетілген. Бірақ одан да бұрын бойкөтерген дейді байырғы тұрғындар. Автобус паркінің иелегінде болған. Кейін жекеге берілген. Қазіргі тұрғындардың 80 пайызға жуығы квартиранттар. Жағдайы жоқ үй иелері ғана қалған. Төбеден су сорғалап, жоғарғы қабаттарға жайылған. Қабырғалар сыз тартып, электр сымдары тоқ тартады екен.

ГАУҺАР АХМЕТОВА – ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНЫ:»Түнімен ұйқы жоқ. Күндіз күлкі жоқ. Шүберекпен сығып аламыз. Ағады да тұрады. Жылда жөндеу жасаймыз. Тарақандар жүр».

Кенесары 57/1 мекен-жайындағы жатақхана жаңадан құрылған Байқоңыр ауданына қарайды. Ауданның да, қаланың да әкімдері бір келіп көрмесе де, мәселемізді біледі дейді. Өйткені, тұрғындар талай рет хат жазған, талай барған. 2012 жылдан бері сүрілуі тиіс нысан әлі күнге жыр болып келеді. Жаңа Үкіметтің жасақталғанынан хабардар жатақхана халқы бүгін қала әкімдігіне де зор үмітпен барған. Бірақ, Бақыт Сұлтановпен кездесу бақыты бұйырмай, салы суға кетті. Астана әкімі орынбасарының кеңесшісімін деген мына жігіт мардымды ештеңе айта алмады тұрғындарға.

-Көрдік біз бәрін. -Көрсеңдер, жазатайым оқиғаны күтіп отырсыздар ма? 0655 — Біледі ол кісі. Ол бір күнде шешілмейді ғой. 0730 -Біз тіпті аудан әкімінің фамилиясын білмейміз. Ол бірде бір келіп көрген емес. 1020 -Қашан болады жауап? Бір ай, бір жылға созыла ма? – Уақытын айта алмаймын.
Іші сыз тартып, су сорғалап, сырты опырылып жатқан жатақханаға кіруге, тұруға қорқып отырмыз дейді халық. Тез арада жергілікті билік бір шешім қабылдамаса Үкімет үйі мен Парламентке, сол жағалауға барып базынамызды айтамыз деп ашынып отыр.

АРТУР МАҒЗОМОВ – ТІЛШІ:»Астананың қақ ортасы, оң жағалау. Елорданың ортасында осындай ғимарат бар дегенге ешкім сенбейтін шығар. Шыдамы таусылған тұрғындар осы Целиноградта туып өскен Асқар Маминнің өзі келіп көрмесе, көмектеспесе қала әкімдігінен қайран жоқ деп ашынып отыр».

«Бізге әкімдіктің өкілдері керек емес. Жаңа Үкімет, қала әкімі Бақыт Сұлтанов келсін.Сондай-ақ, Мамин Асқар Ұзақбайұлы. Ол осы жерді біледі. 0102 Сондықтан бізді Үкіметтің келуін талап етеміз».

Басқа материалдар

Back to top button