Басты жаңалықтарМәдениет

«Келінжан» сериалындағы Айсара соңғы күйеуімен тұрып жатыр (видео)

«Хабар» телеарнасынан көрсетіліп жатқан «Келінжан»  телехикаясының бас кейіпкерлері онлайн арқылы көрермендермен сұхбаттасты. Тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман әрбір актермен тікелей байланысқа қосылып, ел-жұрттың көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Кинодағы кенже ұл Асқардың рөліндегі Дәулет Өсербай 1995 жылғы жігіт екен. Бойдақ, кәсіби спортпен шұғылданады. Алматы облысы Нарынқол өңірінің тумасы.  Ал Қылыштың образындағы Рүстем Жанаманов Айсараның рөліндегі Дариғамен бір ұстаздың шәкірті екен. Сериалдағы  үш абысының үлкені  Айсараның образы актриса Дариға Бадықованың табиғатына мүлдем келмейді екен. Телехикаядағы образды өмірден, айналамдағы әйелдердің  қылықтарынан аламын, дейд ол. Қазір ел аузында таралып кеткен Айсараның айтқандарын да сценарийден емес, ойдан шығарып, өзінің сөз қорынан қосады екен. Қазір соңғы күйеуімен тұрып жатыр. Бала-шағасы бар. Жамбыл облысында туып өскен.  Сондай-ақ, Балқияның рөліндегі Нұргүл Мыңғатова үшін күйеуі басқа әйелге кетіп қалған келіншектің мұңын жеткізуден артық қиындық болмапты. Өмірде Балқия тұрмысқа шықпаған әлі.

Басқа материалдар

Back to top button