Ерекше баланы әбден қинаған

Алматыда жаттықтырушы мүгедектігі бар балаға жаттығуды ұрып, қылқындырып, әбден қинап үйреткен. Бүлдіршіннің сөйлей алмайтынын біліп, айтқанын күш көрсетіп істетіп отырған. Ата-анасы осы тренерге екі жылдан бері ақша төлеп келген. Бірақ, бірде бір рет сезіктеніп, не күдіктенбеген. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
Бұл ерекше бүлдіршіннің емдік дене шынықтыру сабағы. Алты жасар баланы жаттықтырушы әуелі желкесінен бар күшпен басады, еңкейтеді, шырылдаған күйі екі бүктетіп бірнеше секунд ұстайды. Әбден қорыққан Даниал не жыларын білмей қалтырап тұра береді. Қорқынышты кадрлар ата-аналарға байқаусызда кетіп қалған.
-Ол баланы бір сағат бойы қинаған. Беговой дорожкада жүріп келе жатады, аяғына подношка қояды. Дорожкаға құлайды. Солай бес рет жасайды. Одан кейін сандарды дұрыс әкелмесе, 1-ді дұрыс әкелмесе, басынан ұрып жібереді. Таяқпен ұрады да, аяғының саусақтарынан ол он шақты рет болды,-деді қала тұрғыны Бақыт Қалымова.
Даниалдың диогнозы аутист. Бұл жаттықтырушыға екі жылдан бері аптасына үш рет 140 мың теңге төлеп келеді. Зәбір көрген тек ол емес. Өзі онсыз да тілі шықпай, түсінігін қалыптастыра алмай жүрген ата-аналар тренердің «қатаң жазасы» дамуына кері әсерін тигізді дейді. Өйткені, денедегі жанды нүктелерін басып, қалағанын істетіп отырған.
-Бұл менің авторский метод. Енді мен сізге полностью айтып отырмаймын я ему так делаю, так делаю деп айтып отырмаймын ғой деді. Ллюбой способпен вы можете на него накричать, не так посмотреть бірақ, не таким способом, күш салып, физический насилия бұл, — деді ата-ана Гүлсім Төлепова.
Шырылдаған баланың жан дауысына бір де бір маман тоқтау болмаған. Әйтпесе, Оңалту орталығында 20-дан аса адам істейді. Үш жылдан бері үздіксіз бала қабылдайды. Басшысы да ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасы. Әріптесінің авторлық әдісін құптамады. Сол күні бірден жұмыстан қуыпты. Бірақ, осы уақытқа дейін неге үнсіздік танытқаны белгісіз.
— Ол жаттықтырушы бізде үш жылдан бері жұмыс істейді. Барлық сертификаттары бар. Тәжірибелі маман. Бұрын соңды байқамадым оғаш әрекетін. Қазір бейне бақылаудағы бар айғақты бердім тергеушілерге. Жаттықтырушының үйрету әдісі дұрыс емес, оны мен құптамаймын, — деді оңалту орталығының басшысы Әлия Әлімбаева.
Ал, полиция маманның авторлық әдісін май шаммен тексеріп, баланың әр көгерген, тырналған жарасы сараптамадан өтед деді. Егер жаттықтырушының қылмысы дәлелденсе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
-Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 140 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы құқықтық баға берілген кезде, маманның іс әрекетіне баға беріледі, және осы орталықтың меңгерушілеріне де, әкімшілігіне де, міндетті түрде құқықтық баға беріледі, — деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ал, жалпы бұндай оңалту орталықтарын ашу, ерекше баламен бизнес дөңгелету оп-оңай бүгінде, лицензия да керек емес екен. Білім басқармасы жеке меншік орталық тіркелген, тек бюджеттен қаржыландырылмайды деді. Сондықтан, үздіксіз тексеріс жүргізуге құқымыз жоқ деп құтылып отыр.
ФОТО: Ашық дереккөз



