Басты жаңалықтарБілімВидео
Астанадағы мектептің бірінде балапан шығып жатыр

Астаналық оқушылар мектепте балапанмен ойнап жүр. Елордадағы №111 білім ордасының шәкірттері инкубатор құрастырып, оған жұмыртқа салған. Жасөспірімдер ұстаздарымен бірге 1 айға жуық уақыт барлық талапты сақтап, жұмыртқаларды үздіксіз бақылаған. Сондай-ақ, өздері жасаған құрылғының температурасы мен ылғалдылығын күнделікті тексеріп, шөжелердің дамуын мұқият қағазға түсіріпті. Осылайша, жас зерттеушілер балапанның пайда болуын тамашалап, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырған. Ерекше эксперименттен соң ұл-қыздардың ғылымға деген қызығушылықтары біршама артты дейді,- педагогтер



