Басты жаңалықтарҚоғам

Жұмысшы мамандықтары жылы қанша азамат марапатқа ие болды

Мемлекет басшысы жыл бойы өндірісте және әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлерді Ақордада қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында хабарлады деп жазды KAZINFORM.

— Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Республика күні қарсаңында өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 500-ге жуық азаматқа жоғары марапат табысталды. Олардың 138-і — еңбек династиясының өкілдері, — деп жазды Руслан Желдібай.

Сонымен қатар 130-дан астам педагог пен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.

Кәсіби мерекелеріне орай көлік, энергетика, мұнай-газ, ауыл және су шаруашылығы, жедел қызметтер, білім, ғылым, мәдениет, журналистика саласының өкілдеріне ерекше сый көрсетілді.

 

Басқа материалдар

Back to top button