Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Көлікке жіп байлаған жігіт жұртты шошытты

Көлікке жіп байлап, қақ төбесінде қауіпті трюк жасаған жігіттің әрекеті елдің есін шығарды.  Желіге жарияланған 10 секундтық видеодан соң полицейлер шұғыл әрекет етіп, оқиға кейіпкерлерін дереу анықтапты. Бейнежазба Астана қаласының қасындағы Қараөткел ауылында түсірілгені белгілі болды. Есерсоқ досының ессіздігі мен өзінің қауіпті маневр жасағаны үшін тізгіндегі 34 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Видео облыстық полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісінде  жарияланды.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button