Жаңқош Тұраровқа шабуыл жасалды
Алматыда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровқа шабуыл жасалған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Оқиғаға байланысты қалалық ішкі істер департаменті де түсініктеме берді.
«Бұл дерек 25 мамырда Алматының Алмалы ауданында болған. Бірнеше ер адамның травматикалық қару қолданылған жанжал салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Салтанат Әзірбек.
Алматыда болған оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланды. «Алматыдағы мекемелердің бірінде қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраровқа шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер спортшылармен жанжал шығарған, кейін тапаншадан оқ атқан», — делінген видеоның сипаттамасында.
Ал өз кезегінде Жаңқош Тұраров БАҚ өкілдеріне оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның айтуынша, оқиға бір апта бұрын болған.
«Келіспеушіліктен болған оқиға. Оқиға шамамен бір апта бұрын Алматыда болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жағдайым жақсы. Оның қолында қандай тапаншаның болғаны белгісіз. Полиция бұл іспен айналысып, қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша жүргізілді. Бұзақылық екі тараптан да болды», — деп пікір білдірді Жаңқош Тұраров.
Айта кетейік, Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокста 22 рет жеңіске жеткен, оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.