Басты жаңалықтарБілімТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Отырардың ұл-қыздары лагерьге аттанды

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Осыған орай, отырарлық балалардың бірінші легі Түлкібас ауданына қарасты Келтемашат шатқалындағы «Отырар» балалар жазғы сауықтыру лагеріне аттанды. Балаларды демалыс аймағына шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Шарада ата-аналар балалардың демалыс уақытын тиімді өткізуіне қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне алғысын айтты.

Жалпы биыл аудандағы 31 жалпы білім беретін мектептен 1050 бала жазғы демалысқа жіберілмек. Әр ауысымда 150 баладан демалады деп көзделген. Жазғы демалыс — оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеп, демалыс уақытын тиімді әрі мағыналы өткізуге бағытталған. Сондай-ақ, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту мақсатында қолға алынған.

Айта кетейік, Түркістан облысында алғашқы онкүндікте «Болашақ», «Тау шыңы», «Үркер» жазғы сауықтыру лагерлерінде 1 мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып үлгерген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа материалдар

Back to top button