Басты жаңалықтарБілімҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан полициясы неге күшейтілген тәртіпке көшті?

Полиция оқу жылының аяқталуына байланысты күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда
Бүгін облысымыздың барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өткізілуде. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды атқаруда.
Түркістан облысы ПД басшылығының тапсырмасына сәйкес әрбір оқу орындарына жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға жақындатылды.
Полиция жас түлектердің көліктер шеруін ұйымдастыруы, құжатсыз автокөлік басқаруы мен жол жүру қағидаларын сақтамауының алдын алу мақсатында күшейтілген тәртіппен қызметке түсті. Айта кетсек, биылғы оқу жылын облыстағы 1093 мектептің 33 844 оқушысы аяқтап, жас түлек атанып, жаңа өмірге қадам басты.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары аталған түлектерге сәттілік тілеп, қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі



