Саясат

Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау

Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.

«ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК ұйымдық Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Көкшетау қалаларында орналасқан
13 филиалдан тұрады.

ӘТМ филиалдарын азаматтармен жасақтау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығымен бекітілген әскери-техникалық мамандарды даярлау жоспарына сәйкес жергілікті әскери басқару органдарымен жүзеге асырылады.

Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады.

Өтеулі негізде:

1) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар

2) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер тартылады.

Бұл ретте әскери-оқытылған резервтерді даярлау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен
бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясын» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қызмет алушымен құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 42 жұмыс күнді құрайды.

Өтеулі негізде оқытылатын әскерге шақырушылармен (әскери міндеттілермен) оқуға төлем, олармен «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектеп» РМҚК есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады. Оқыту құны 305 000 теңгені құрайды.

2023 жылға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді даярлау жоспары

Бұйрық

20 мамыр 2022

««Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 289 бұйрығы

Бұйрық

20 тамыз 2021

«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 12 тамыздағы № 527 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Бұйрық

19 тамыз 2021

««Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 4 тамыздағы № 501 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды

Басқа материалдар

Back to top button