Басты жаңалықтарҚоғам

Бас көтерген күзетшілер енді Елбасына арызданбақ

Алматы қаласында екі бірдей аурухана күзетшілері бас көтерді. Елуге жуық азамат жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмай сабылып жүр. Жаңа жылдық көңіл күй түгілі, дастарханға қояр тамақ та жоқ деп налиды. Ал, аты дардай күзет компаниясы əлі күнге дейін күзетшілерінің алдына шығып төбе көрсетпепті. «Евразия» телеарнасы хабарлады

«Компания сізге қанша қарыз? Мен июль айынан бері істеймін. Маған 200 мың қарыз. Түк ақша берген жоқ.

ГҮЛНƏЗИЯ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ,ТІЛШІ:»Бұл компанияның бір ғана күзетшінің алдындағы қарызы. Ал одан басқа тағы елуге тарта жұмысшы бес алты айдан бері айлықтарын ала алмай жүр. Олар енді жаңа жылды қалай қарсы аларын білмей отыр»

Ашуға булыққан күзетшілер «бас көтермеске амалымыз қалмады» дейді. Жасы бар, жасамысы бар бір айдың он тəулігінде аурухананы тікесінен тік тұрып күзеттік деп отыр. Тіпті кейде екі-үш тəуліктен қалуға мəжбүрлейтінін айтады. Бірақ ақша беруге асықпапты.

КӘРІМБАЙ РАХМЕТОВ, КҮЗЕТШІ: «Сұраңызшы қазір магазинге барамыз дейді. Магазинге апаратын тиыным да жоқ. Өзім квартирада тұрамын».

Екі аурухананы қорыған жігіттер күзет мекемесі əуелгіде уəдені үйіп төккенін айтады. Айына 45 мың теңгеден төлеп отыратын болған. 15 мыңдық арнайы күзет киімін де өздеріне сатып алдырған. Бірақ, күнде ертеңмен келісімшарт жасамаған. Тіпті, жұмысшылар ішінен көшбасшы тағайындап, несие алдырыпты. Жыларман күйі əріптестеріңе тарата тұр, кейін берем деп алдап соққан.

МЫРЗАХМЕТ БОРТБАЕВ, КҮЗЕТШІ: «Біздің учредитель Риант Сейтжан келіп ақылдасқанда, маған жағдай айтқан соң өз қалтамнан каспий банктен кредит алып, үш жүз мың кредит алып, жұмысшыларға таратып бергем. Менің ала алмай жүрген 550 мың теңге еңбек ақым бар. Кредитімнен бөлек. Төрт ай болды өз қалтамнан төлеп келемін».

Жұмысшылар айлықтың кешігуі бірінші рет емес дейді. Былтыр да біршама күзетші маңдай терімен тапқан еңбекақыларын ала алмай сенделген. Бірақ, мемлекеттік конкурсқа аты-затын өзгертіп тендерін ұтып алып отырған жеке меншік компаниясын танымай, аурухана басшылары қайда қараған деп қынжылды. Ал, күзет мекемесіне айына 900 млн астам қаржы аударып отырған ақхалаттылардың өз шындығы бар.

АЙНҰР АХАНОВА,  №7 АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ  ОРЫНБАСАРЫ:«Біз тендерге қараған кезде ол жерде тек аты жөні фирманың болады. Ол заң бойынша заң бұзса, ол тендерге кіре алмайды. Оны ешқандай портал кіргізе алмайды».

Барлық кінәні күзет мекемесіне ысырған соң жұмысшылармен біз де аталған күзет фирмасыніздеп бардық. Алайда, ешкімді орнынан таппадық. Мемлекеттік конкурстарға қатысып отырған компанияның бас кеңсесіне де әрең кірдік. Бірақ.

«Үш рет келдім. Міне, үшеуінде де жоқ. Ылғи жабық. Ұрамыз жоқ. Ұрамыз жоқ. Бір біріне звондайды и изчезает моментально».

Енді, мемлекеттік қызметкерлер бұл мекеме ауруханаға үш айналып келсе де, келесі жылы келісімшартқа отырмаймыз дейді . Ал, жұмысшылар ақыры жаңа жылды бақыр тиынсыз қарсы алатын болды. Бірақ, отыз мекемені күзетпен қамтамасыз етіп отырған компанияны жаппай сотқа беруге аттанды. Егер одан да, нәтиже болмаса, Елбасына хат жолдамақ.

 

Басқа материалдар

Back to top button