Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бойынша дәрігерлерге трениг өткізілмек. Бұл туралы бүгін Астанаға келіп брифинг өткізген облыс әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді.
Әкімнің сөзінше, жергілікті компаниялардың бірі Мәскеуден мамандар шақырып, өзінің қызметкерлері үшін мастер-класс ұйымдастырады. Алайда осы тренигке өңірдегі өзге емдеу мекемелерінің дәрігерлері де тегін қатысуға мүмкіндік алып отыр екен.
-Бұл шараны жергілікті компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында меценаттық мақсатта өткізіп отыр. Дәрігерлер тегін оқытылады,- дейді облыс әкімі Ерлан Қошанов.