Басты жаңалықтар

Бірқатар өңірде күн ысиды

Сейсенбі күні еліміздің бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды jurnalist.kz «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап. Бірқатар облыста күн ыстық болса, бірнеше өңірде бұршақ пен найзағай күтіледі.

Күндіз 26 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 26 мамырда Батыc Қазақстан облысының кей жерлерінде +37˚С қатты ыстық, кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласында 26 мамыр күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 26 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде ауысады, екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с, түнде 27 мамырда кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласы: күндіз 26, түнде 27 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде ауысады, екпіні 15-20 жетеді.

26 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: күндіз 26 мамырда батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады екпіні 15 м/с күтіледі.

Басқа материалдар

Back to top button