Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Белгілі адвокатқа қастандық жасалды ма? (Видео)
Қазақстандық адвокат Айман Омарованың көлігі өртенді, деп хабарлайды jurnalist.kz
Бұл туралы адвокаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Оның айтуынша, жүріп келе жатқан машинаның тежегіші істен шығып, артынша өрт тұтанған.
Ал одан бір сағат бұрын адвокат шетелдік инвесторды өлтірмек болғандар мен оған құзырлы органның кейбір қызметкерлерінің қатысы барын айтып, тіпті фамилияларын атап, тікелей эфирге шыққан болатын.
Осы екі оқиғаның арасында байланыс бар ма, жоқ па, әзірге белгісіз.