Басты жаңалықтарҚоғам
Мақтааралға көмек: Бір үйдің жиған-терген қаржысы куртканың қалтасында кеткен
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында түсірілген видео әлеуметтік желіге лезде тарап кетті, деп хабарлайды jurnalist.kz.
Бұл видеоға қатысты журналист әрі блогер Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды. «Мақтааралға көмекке деп бір әйел күйеуінің кимейтін киімдерін беріп жіберіпті. Күйеуінің жинап жүрген ақшасы бір курткада кеткен екен. Артынан машинамен қуып барыпты».
Видеодан «Бұйырған нәрсе болса, қалады!», «Асықпаңдар!», «Ішкі қалтасында ма, қараңдар!». «Санап алыңыз!» деген дауыстарды естуге болады. Абырой болғанда ақша орнында, яғни куртканың ішкі қалтасында тұр екен. Белгісіз азамат 100 доллардың 31 данасын санап шығып, жоғалған қаражаттың түгел екеніне көз жеткізді.