АЙМАҚБасты жаңалықтарӨҢІРЛЕРТеректі ауданы

Теологтардың насихаты

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына теологтар келді. Бұл туралы «Теректі жаңалығы» газетінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков пен Ақтөбе облысының «Ас- Салам» мешітінің бас имамы Мәди Орынбай іссапармен келді.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде теолог маман Мәди Орынбайұлы дінтану пәнінің мұғалімдеріне қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайында кеңінен ақпарат берді. «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков Теректі колледжінде студенттермен кездесіп, шәкірттерге діни сауаттылық арттыру мақсатында ақпараттар беріп, сұрақтарына жауап берді.
Іссапар барысында Подстепный ауылдық мәдениет үйінде мәдениет және құқық қорғау органының қызметкерлерімен кездесті. Теолог мамандар Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы діни ахуал жайында кеңінен ақпарат берді.


Кездесу соңында өзекті сұрақтардың бірі — дінтану пәні бойынша, бейнероликтер, тағы да басқа қойылған сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Жиналыстың модераторы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов тұрғындар атынан алғыс білдірді.

 

Басқа материалдар

Back to top button