БілімТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістан облысында 2300-ге тарта түлек «Алтын белгі» иегері атанды

 2024-2025 оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектепті 33 мыңнан астам оқушы бітіріп, 27 386-сы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынаған. Сондай-ақ, биыл 47 397 оқушы 9 сыныпты бітіріп, оларға аттестат табысталды. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» — 5 293 оқушы қол жеткізді. Ал 11 сыныпты 33 813 оқушы аяқтап, қолдарына аттестат тапсырылды. Олардың қатарында 2 272 оқушы — “Алтын белгі” төсбелгісін, 2 400-і — «Үздік аттестат» иеленді. Осылайша 2024-2025 оқу жылында Түркістан облысында 9,11-сынып түлектерін қосқанда 81 мыңнан астам оқушыға аттестат табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа материалдар

Back to top button