Шымкенттік ұландықтар футболдан жарыс өткізді

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімі жауынгерлері Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.
Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейлі мерекесі аталып өтуде. Батыр бабалардың ерен ерлігімен келген бейбіт күн жауынгерлеріміз үшін ұлық мереке. Салауатты өмір салтын басты назар ұстанатын ұландықтар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын біріншілікті биыл осы атаулы мерекенің құрметіне арнап, Ұлттық ұлан жеке құрамы арасында жыл басында бастау алған «Жеңіске 100 күн қалғанда» акция аясында ұйымдастырды.
Жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Шымкент қаласы бойынша спорт шеберлері төрелік еткен тартысты сайыста 1 орынды бастамашы 6698 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды. 2-3 орындарды 54, 53 мекемеден келген футбол командалары қанжығаларына байлады. Сайыс төрешілері басты орындарды еншілеген командаларды құттықтап, арнайы кубок және дипломдармен марапаттады.
6698 әскери бөлімі
капитан Шынжигитова Малика