Архив меток: мемлекеттік тіл

Қазақша түсінбеген ұлттық банк төрағасы қағаздарын шатастырып алды (видео)

Сәрсенбі күні бастан-аяқ мемлекеттік тілде өткен Мәжілістің жалпы отырысында кейбір шенеуніктер қазақша тіл сындырамыз деп сынға қалды. Ұлты басқа болғанымен, ұғымы қазақ Геннадий Шиповскихтің өзі Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың қазақша айтқан  жауабына қанағаттанбады.  «Жауап бердім ғой» деп ақталған Ақышевқа Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «басқа нәрсені оқып бердің» деп ескерту жасады. Геннадий Шиповскихтің көлік сақтандыру мәселесін заңмен реттеуді сұраған болатын. ...

Читать далее »

Қазақша сұраққа орысша жауап берген шенеунікке депутаттар қатты шүйлікті

Бүгін Мәжілісте депутаттар Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары  Алан Әжібаевқа «мемлекеттік тілді менсінбей отырсыз» деп  шүйлікті. (видео) Мәжілістің жыл жабар жиынында   «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигiзетiн ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы талқыланды.  Депутат Бекболат Тілеухан отбасылық құндылық пен ұлттық дәстүрге қарсы үгіттейтін дүниелерді эфирге беруге шектеу қоюды ұсынды. «Заң жобасы бойынша қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа құрылған, балалардың өмiрiне қатер төндiретiн iс-әрекетке, ...

Читать далее »