Басты жаңалықтарҚоғам

Оралда Жамбылды Құрманғазы деп насихаттауда

Орал қаласындағы аялдамалардың біріне Жамбыл Жабаевтың суреті ілініп, астына күйші Құрманғазының өмірбаяны жазылған. Ұлыларды шатастырған көрініске шыдай алмаған журналист, ақын Мұнайдар Балмолда  әлеуметтік желіге пост шығарды.

«Орал. Зашаған кентінде орналасқан аялдама. Біз жыр алыбы Жамбылды көріп тұрмыз. Ал төмендегі жазу: «Бұл күй атасы — Құрманғазы» деп талас тудырып тұр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Ғаламтордан «Жамбыл Жабаев» деп іздесеңіз де осы сурет шыға келеді. Құрманғазы атамыздың бейнесі басқаша ғой. Әй, әй, әй… Білетін адамдармен, суретшілермен ақылдасып алса қайтер еді? Асығыстық күйдіреді. Мен негізі өз парағыма келеңсіздікті жариялауға құлықсызбын, мамандығым суретші болғасын бұл жолы шыдамай кеттім -ау. Қайтейін? Сын түзелмей, мін түзелмейді»,-дейді Munaidar Balmolda

Басқа материалдар

Back to top button