Басты жаңалықтарМәдениет

Әуезовтің әртістері Түркияда жүр

М.Әуезов атындағы академиялық театрдың 15 әртісі қазір Түркияда жүр. Олар Адана қаласында өтіп жатқан V халықаралық театр фестиваліне қатысады.

Жаһандық жарысқа қазақстандық өнер ұжымы түркі дүниетанымының негізін қалаған ғұлама, ойшыл Қорқыт Ата жайындағы қойылымды алып барыпты.

Жазушы-драматург Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» шығармасын КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, танымал литвалық режиссер  Йонас Вайткус сахналайды.

Жалпы, еліміз тәуелсіздік алғалы М.Әуезов атындағы Қазақ  мемлекеттік академиялық драма театрында республиканың әр өңірінен және алыс-жақын шетелден режиссерлер шақырып отыру дәстүрі қалыптасқан.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық фестивальге ең таңдаулы әртістер жіберілді.

М.Әуезов театрының ұжымы бауырлас елге бірінші рет сапарлап отырған жоқ. Талай рет түркиялықтарды таң-тамаша қылған.  2010-2015 жылдары аралығында Конья және тағы басқа қалаларында өткен халықаралық фестивальдерге қатысып, жоғары баға алған болатын.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button