Министр Қасымов семіз полицейлерге өзі де таңқалды (видео)

Полицияның формасын не үшін ауыстырып жатқанын түсіндірген Ішкі істер министрі жаңа киімге қанша қаржы жұмсалатынын айта алмады. Жалпы, орган қызметкерлерінің формаға қатысты шағымданып жүргеніне 4-5 жыл болған. Арнайы киімнің үлгісі бойынша бір жылдан бері дайындық жұмыстары жүргізіліп келген. Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, қазіргі форма көбіне кеңсеге арналған киім үлгісінде тігілген, сондықтан көп жағдайда тәртіп сақшыларына ыңғайсыздық тудырады. Министрдің сөзінше, полицияның жаңа формасының үлгісі дайын болған соң қоғамдық талқылауға шығарылады. Халықтың пікірі де ескерілетін болады. Алайда, оған кететін шығынды нақты айта алмады. Салаға бөлінген 326 млрд теңгенің қайда, қалай жұмсалып жатқанын білмейді екен.

Соңғы рет ішкі істер органының формасы 2001 жылы ауыстырылған. Сөз арасында Қалмұханбет Қасымов полиция қызметкерлерінің күнделікті жаттығу дайындықтарын да айтып қалды. Өйткені, көпшілігі артық салмақ қосқан. Жаңа киім үлгісінде олардың дене бітіміне де көңіл бөлінбек.  Органдағы тәртіп бойынша министрдің өзі де аптасына екі рет тиісті нормативтерді тапсырады екен.

 

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*