Продюсер Баян жаңа күйеуі Тұрсын Алагөзов жайлы шындықты жария етті

Бұл туралы Еуразия телеарнасы хабарлады.

Бұл күнде ел аузында жүрген Баян Мақсатқызының Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығуына әлі біршама кедергілер бар екен. Себебі, сүйіктісі бұрынғы жұбайымен ажырасқанымен, ол аплеляциялық сотқа қайта шағымданыпты. Алайда, сот ресми түрде екеуін екі жаққа айырыпты. Шешім заңды күшіне тек екі айдан кейін ғана енетіндіктен, Баян мен Тұрсын заңды түрде некеге отыру үшін осыншама уақыт күтуге мәжбүр.

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ, ПРОДЮСЕР:»Бұған дейін айтқанымдай, болашақ жарыммен заңды түрде некелесуіміме тосқауылдар өте көп. Себебі, оның бұрынғы жұбайы жарты жылдай ажырасуға келісімін бермеді. Қазір бәрі шешілді, енді екі ай күту керек».

Продюсерлердің акуласына айналған Баянға бұрынғы жолдасының туыстары маза бермейтін сыңайлы. Экс-Есентаеваны жерден алып, жерге салған Бақытбектің қарындастары жеңгелеріне өкпелері қара қазандай екенін әлеуметтік желіде бірнеше рет жазған болатын. Ал ұзынқұлаққа аса мән бермеген продюсердің оларға айтар уәжі мынадай

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ, ПРОДЮСЕР:»Әр адамның өз шындығы бар. Ал менің бұрынғы қайын сіңілімнің айтып жатқан былапыт сөздеріне қатысты ештеме айтқым келмейді. Тіпті, мен онымен ешқашан да жақын араласқаным жоқ. Жылына 1-2 рет балаларымның туған күндеріне келетін. Сондықтан да, ол не айтса өзі біледі. Ең бастысы, шындықты тек қана мен білемін. Ескеретін бір жәйт, ол өзі тұрмыста бола тұра сүйген жарынан ажырасып, екінші рет тұрмысқа шығып алған».

Дегенмен, Баян қыздары әкесі Бақытбек Есентаевпен тығыз байланыс ұстайтынын айтады. Айына үш рет хал жағдайын білу үшін түрмеге кездесуге барып тұратын көрінеді. Тіпті, телефон арқылы күн сайны тілдесіп тұрады екен.

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ, ПРОДЮСЕР:»Әрине, менің екі қызым да әкесімен тілдесіп тұрады. Менің оған ешбір қарсылығым жоқ. Себебі, оны әке ретінде өте құрметтеймін».

Ал Баянның үлкен қызы — Айсауле Бақытбек те оқырмандарының талай сынына іліккені белгілі. Бойжеткеннің тұрмысқа шықпай жатып жігітімен бір шаңырақтың астында тұрып жатқаны жұрттың шамына тиген еді. Ал,   қызына Баян еркіндік бергенін айтады.

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ, ПРОДЮСЕР:»Айсауле өзі қалай өмір сүреді, ол өзі біледі. Оның жеке өміріне мен араласпаймын. Не кисе де өз еркі. Ең бастысы, мен оны өсірдім, оқыттым. Сондықтан да, ары қарай қалай өмір сүреді өзі біледі».

Осылайша, өлім аузынан аман қалған бизнес вумен «тағы да кітап жазасыз ба?» деген сұраққа былай деп жауап қайырды…

» Жоқ! құдай сақтасын»)))
» Жоқ! қиын болған жоқ, просто это было мое такое откровение, и я долго решалась!»

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*