Басты жаңалықтарМәдениет

Мешіт тазалайтын анаға Ораза айтта көлік сыйлады

Талдықорған қаласында мешіт тазалығына қарайтын анаға Ораза айт мейрамында көлік табысталды. Бұл туралы taldykorganec_insta парақшасында жарияланды.

Жомарт жандардың шарапатына бөленген әйел адам мешіттегі жұмысына жету үшін күн сайын 3 қоғамдық көлікпен (пересадкамен) келеді екен.  Тазалықтан бөлек, ғибадат үйінде оқып жатқан 50-ден аса Құран жаттаушыға үш мезгіл тамақ дайындайды.

Көлікті жамағат атынан имамдар табыс етті.  

Басқа материалдар

Back to top button