ҚоғамСаясат

Жапониямен салыстырғанда Қазақстандағы шенеуніктердің саны 80 есе көп

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осындай мәселе көтерді. 128 млн халқы бар Жапонияда небәрі 9 мың шенеунік болса, 18 миллион тұрғыны бар Қазақстанда 100 мыңдай шенеунік бар екен.  Оның сөзінше, Қазақстанда жұмыс істейтіндердің 21 пайызы шенеуніктер мен ұлттық компанияның менерджерлері.  Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біздің елде шенеунік көп.  Мәселен, Америкада – 14 %, Австрияда — 10 %   құрайды.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі бүгін Мәжіліске «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын алып келген еді. Құжатты талқылау барысында депутат Азат Перуашев  мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беретін болсақ, онда шенеуніктердің санын қысқарту мәселесінде көтерді.  Алайда, депутаттың бұл пікірін  Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жоққа шығарды.

«Тимур Сүлейменов менің айтқаныммен келіспесе, бұл статистиканы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына барып айтсын» деп ызаланды депутат.

«Ұлт жоспарында айқын көрсетілген: үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі. Яғни, мәселе мемлекеттік органдардың бюджеті мен шенеуніктер санын қысқарту туралы болып отыр. Біз осыған қатысты сауал жолдадық. Бірақ үкімет бұл қарастырылмаған, қажет емес деп санаймыз дейді. Сонда қалай? Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға береді екенбіз, бірақ ол қызметтерді атқарған шенеуніктер қысқармай ма? Біз ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жүргізген зерттеу нәтижесін алдық. Қарап отырсақ, Қазақстан экономикасында істейтіндердің 21 проценті – шенеуніктер немесе ұлттық компаниялардың менеджерлері екен. Яғни біздің елімізде шенеуніктер саны басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте көп», деді А.Перуашев

Басқа материалдар

Back to top button