Әлеуметтік желілерде суицидке шақыратын жаңа топтар пайда болған

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Бәлиева әлеуметтік желілерде балаларды өз-өзіне қол жұмсауға шақыратын топтар тағы пайда болғаныескертті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері қауіпті пабликтермен айналысып жатыр. Сол себепті Бәлиева ата-аналарға мұқият болып, күмәнді топтар жайлы құқық қорғау органдарына хабарлауын айтты. «Интернетке ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Маған «ВКонтакте» желісінде балаларды өз-өзіне қол жұмсауға шақыратын топтардың пайда болып жатқаны жайлы хабарламалар келіп жатыр. Құқық қорғау органдары бұл мәселемен айналысып жатыр. Мен де барлығын бақылап оытрмын. Алайда мұндай топтарды бұғаттауға біраз уақыт керек. Осыған байланысты мен сіздерден көмек сұраймын. Осындай топтар жайлы біліп жатсаңыздар, органдарға хабарлаңыз», — деп жазды Бәлиева Facebook желісіндегі парақшасында.

«ВКонтакте» желісінде «Синий кит» және «Тихий дом» топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*