Қытай түрмесінде Ақжарқын Тұрлыбай йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР  Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

22 мамырда Қытайдағы Қазақстан елшілігінің ресми өкілі Ақжарқын Тұрлыбаймен кездесті. Оның айтуынша, қыздың жағдайы жақсы.  «Бос уақытында ол ағылшын және қытай тілдерінде кітап оқиды. Ол қытай тілін жақсы біледі. Ақжарқын камерадағы әйелдерге ағылшын тілін үйретіп жүр. Оған жақсы қарайды. Сонымен бірге, йоганы да үйретіп жүр. Түрменің қараушылары мен басшыларымен де қарым-қатынасы жақсы. Тәртібі үлгілі. Ол сот шешімін күтіп отыр», — дейді ведомство өкілдері.  Түрме жанындағы дүкеннен қалаған азық-түлігін сатып алу үшін қыздың есебіне ақша аударылғаны айтылды. Сонымен бірге, Ақжарқынға ағылшын тіліндегі кітаптар да табысталған.  Еске салайық, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды.  Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жыл күтіп отыр.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*