Басты жаңалықтарҚоғам

KADEX көрмесінде көз жұмған адамның өзі кінәлі

Халықаралық көрмеге жауапты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ер адамның өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

24 мамырда KADEX-2018 көрмесі кезінде қатты желден стенд құлап, ер адамның үстіне түскен болатын. Медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Министрдің сөзінше, қайтыс болған адамның көрме аумағына қалай кіргені белгісіз, өткізу  бекетіне тіркелмеген.

«Ол күні келушілер арналған күн емес еді.  Мамандар ғана кіруі тиіс болатын. Ол адам орталық қақпа арқылы кірмеген, өткізу бекетінде тіркелмеген.  Оның қалай кіргені қазір анықталуда. Кейбір айтуға болмайтын дүниелер бар. Рұқсат етілмеген құжаттармен кіргені үшін ол өзі кінәлі», дейді Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетейік, 23-26 мамыр аралығында Астанада V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өтті. Биылғы шараны ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды.

 

Басқа материалдар

Back to top button