Басты жаңалықтар

«Рухани Жаңғырудың»  логотипі ұрланған ба?

Дәл осыған ұқсас логотип 2012 жылы Францияда  мәдениет саласында қолданылған екен.  Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Андрей Зубов осындай мәтінде пост жазды.

 

 

Осыған байланысты депутаттардың да пікірін білдік.

 

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Әлеуметтік желіден көрдім. Бір ғана сызба үшін ел ішінде дүрбелең тудырудың қажеті жоқ. Мұны анықтайтын, зерделейтін мамандар бар».

 

Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Кім біледі. Өткен жолы теңгенің бетіндегі құсты да біреуден алды деді. Нақты ештеңе айта алмаймын. Егер ұрлап алған болса ұят болады».

 

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Кез-келген нәрсенің өзінің авторы болады. Солардан сұраған жөн. Басқадан көшіріп алды деген дүние біздің әдебімізге жараспайды».

Басқа материалдар

Back to top button