Басты жаңалықтарҚоғам

Тұрсынбектің шатыры ұшып кетті (видео)

Астанадағы дүлей дауыл кезінде белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың меншігіндегі нысанның шатыры ұшып кеткен.   Оны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп, WhatsApp желісіне жіберген.  Бейнежазбадағы мәлімдеме бойынша, төбесі құлаған нысан Тұрсынбектің үйі немесе «ММ» өнер-білім орталығы болуы мүмкін.

Айта кетейік, 22 мамыр күні Астанада аяқ астынан қатты дауыл тұрып қаланың астаң-кестеңі шықты. Бір сағаттың ішінде жиырмаға жуық адам ауруханаға түскен. Оқиға кезінде ғимараттардың шатыры ұшып, құрылыс алаңындағы кран құлады. Тіпті, биік тұрғын үйлердегі пәтерлерде люстралар шайқалған. Әйгілі Пирамида ғимаратының да әйнектері сынып, терезелері қираған.

Басқа материалдар

Back to top button