Басты жаңалықтарСаясат

Қазақстандағы ең бай адам анықталды

Осы аптада Лондондық Sunday Times басылымы Британияның ең бай азаматтарының тізімін жариялады.
Британияның Sunday Times басылымы корольдіктегі ең бай азаматтарды анықтады.Тізімге кезінде кеңес одағына мүше болған елдерден 16 азамат енді. Ішінде қазақстандық та бар! Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Белгілі болғандай ол Қазақмыс холдингінің президенті Владимир Ким екен. 57 жастағы кәсіпкердің капиталы биыл 3,4 млрд долларға жеткен.

Басылым кәсіпкердің табыстылар тізіміне енуін бір дүниемен байланыстырады! Нарықта темірге деген сұраныс артқан. Тоннасы 7 мың долларға дейін саудаланады. Ал, сұранысты тудырып отырған әлемде жасыл экономикаға көшу мен электромобильді көліктер шығару процестерінің қарқын алуы.

Алайда, кей сарапшы бұл пікірге күмәнмен қарайды.

ӘМІРЖАН ҚОСАНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:»Осыншама сомма, млрдтартаған долларды таза еңбекпен, немесе бір жоғарғы технологияны пайдаланып я жаңалық енгізіп табу мүмкін емес. Бұндай нәрсені тек екі жолмен табуға болады. Біріншісі ол жемқорлық, екіншісі саяси жемқорлық өте жоғары деңгейдегі, екінші мәселе ол қазба байлықты сату арқылы. Мен Кимді бір талантты, өзгелерден оқ бойы озып тұрған кәсіпкер деп санамаймын. Сол кезінде қолына қонған бақты ол әзірше ұстап отыр. Бәлкім сол қазақмыстың менеджері, оның экономикасын жүргізіп отырған адам талантты болғанда біздің өнеркәсіп дәл қазіргідей бишара жағдайда сыртқы нарықтың бағасына телміріп қалмас еді. Оның бәрін уақыт көрсетіп отыр».

Алайда, бізді қызықтырғаны басқа! Қазақстандық азамат Британия байларының тізімінде не істеп жүр!

Белгілі болғандай Владимирдің KAZ Minerals компаниясының акциялары лондондық биржада саудаланады.Осы себепті кәсіпкер жұмыс бабымен корольдікке жиі сапарлайтын көрінеді.

Оның тіпті Лондон орталығында басыбайлы баспанасы да бар!

Абыройлы болғандығы сонша, тіпті биыл Ким мырза Қазақстандағы ең бай адам атанды.

Мұны форбс журналынан оқыдық! Басылым жуырда ғана елдегі ауқатты деген 50 адамның тізімін жариялады.

Ол бойынша көшті Владимир Ким бастаса, екінші орын 51 жастағы бизнесмен, әрі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаевта. Журнал оның байлығын 3 млрд 100 млн теңге деп есептепті.Ал, үшінші орынға оның жұбайы Динара Құлыбаева жайғасса, төртінші орын Теннис федерациясының президенті, Болат Өтемұратовқа тиесілі. Жиған-тергені 2 млрд 600 млн доллар. Бестікті кәсіпкер Әлижан Ибрагимов түйіндейді.

Айтпақшы, айта кетейік, елдегі елу ауқатты азаматтың ақшасын бірге санағанда жиыны 26 миллиард долларға жетеді екен. Бұл 2016 жылмен салыстарғанда 5 млрд 300 миллионға көп! Яғни, рекордтық көрсеткіш.

Басқа материалдар

Back to top button