«Шыдамымыз таусылды»

Осылай деп ашынған Талапкер ауылының тұрғындары Үкіметке үндеу жолдады.  14 мыңдай халқы бар Астана іргесіндегі елдімекеннің жағдайы жылдан жылға қиындап, қайғылы оқиғаға ұласуда.

Жол жоқ, ауыл іші ми батпақ. Соның кесірінен жедел-жәрдем көлігі уақытында келе алмай,  науқастардың бірі қайтыс болған.

 

 

Суды қаладан тасып ішеді.  Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған бүлдіршіндер ауыр көтеріп,  су тасып, жастайынан тауқымет тартып жүр.  Екі күннің бірінде балшыққа құлап, сабаққа бара алмайды.

 

Ауылдағы 700 орындық жалғыз мектепке 1700 бала оқиды.  Талапкердің шетінде тұратын оқушылар 8-9 шақырым жерден жаяу келуге мәжбүр. Мектептің автобусына жүргізуші жоқ. Себебі, 45 мың теңге жалақыға ешкім жұмыс істегісі келмейді екен.

Көшелерге  тартылған электр бағаналары іске қосылмаған, түнде тасқараңғы. «Қаңғыс бас ит қаптап жүр» дейді тұрғындар.

Қоқыс салатын жәшіктер, контейнер жоқ. Күл-қоқыс ауылға кіре берістен бастап шашылып жатыр.  Арасында ит-құстың өлекселері де бар.

Талапкердегі саябақтың да күйі кеткен. Күтім көрмеген. Ауыл әкімі жиі ауысады екен. Қазір жаңа басшы келген. Мұның алдындағы әкім  істі болып, тергеліп жатқан көрінеді.

Ауыл, аудан, облыс әкімдігінен қайран болмаған соң талапкерліктер енді Үкіметке үндеу жолдап, жоғары жақтан үміт күтуде.

Астананың 20 жылдығында   бас қаланың  іргесіндегі елдімекендердің де сән-салтанаты Елорданың мәртебесіне сай болса екен деп армандайды.

 

 

 

3 комментария

  1. Динара

    Талапкер ауылында жол жок автобус орта жолга гана барады сонда биз автобуска калай барамыз 1сагат журип бару керек Аким ауыскан сайын умиттенемиз бирак умитимиз еш акталмайды акимлер сотталып жатыр саз бари адамды шаршатты

    • Мариям

      Иа расында да Талапкер ауылы елорданын iргесiнде тур деп ауыз толтырып айтуга гана жарайды,ал адамдар туратындай жер деп айту киын ауыз су мен жол маселеси жылдан жылга айтып жауыр болды.Осiп жаткан балалар ушин де не ойын ойнайтын алан жок, не маденижокуй жок.Болашак урпак деп айтканда кагазга жазганда барi тамаша(((Балалар ойын аланы ушин коп каражат керек емес кой жаз болса балалар баратын жер жокккк ауыл ортасында алан болса гой ширкин деп балалар курсинеди !!!

  2. Жазира

    Осы ундеуден кейн укіметіміз назар аударар деп үміттенеміз!Елордамыз Астанамыздын іргесінде тұрып,адам тіршілігіне жағдай жасалса осы тұрғындарда арман қалмас.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*