Басты жаңалықтарҚоғам

Жер мәселесіне Мәжіліс неге асықты

«Ұлтарақтай жер жоқ. Бабамыздың зираты да біреудің меншігінде». Астанадан 25 км қашықтықта жатқан  Максимовка ауылының тұрғындары  осындай базынасын айтып, биліктен араша сұрап отыр.  Ауылда соқыр тауық та қалмады деп ашынған тұрғындарды ауыл шаруашылығы вице-министрінің өзі барып жұбатып келді.»Евразия» арнасы хабарлады.

Осы уақытқа дейін талай табалдырықты тоздырып, тауы шағылған ауыл халқы Астанадан келген шенеуніктерден тайсалған жоқ. Сұрақты төтесінен қойды. Себебі, «Сарытерек» деген жекеменшік серістестік тұрғындардың сыртынан тұтас ауылдың 15 мың гектар жерін өзіне рәсімдеп алыпты.   Жайылымдық, шабындық тұрмақ, жол, көше, өзен-көл, тіпті зиратқа дейін осы ЖШС-ның иелегіне өтіп кеткен. Соның кесірінен тұрғындар мал да ұстай алмай, 14 жылдан бері әділдік іздеп соттасып келеді.  «Максимовка ауылының 14 жылдан бергі проблемасын құлағымызбен естідік. Өздері ортасынан белсенді бір адамды сайлап, бірігіп біраз жұмыс істеу керек. Мемлекеттік органдар осы мәселені жан жақты қарап, шешімін табуға тырысамыз»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Максимовкада мәйекті мәселе көп. Кейбір пысықайлар ауылдың айналасына демалыс орнын салып тастаған.  Енді халық суға шомылып, мал суарудан да қалыпты.  Қалаға мал өнімін сатып, жан бағып отырған макимовкалықтар «күнкөрісіміз жылдан жылға қиындап барады», дейді Тұрсын Нұрғожанов. «Бұрын бұл жерден өріске 3 табын сиыр шығатын. Қазір жарты табынға толмайды. Мал ұстамақ түгіл, соқыр тауық та  қалған жоқ.  Өйткені жер жоқ», деп қынжылды қария.

Қолдарында жерінің актісі бар. Қанша рет сотқа бергенімен жеңіліп қалған тұрғындар тіпті үйлеріне құжат алып, рәсімдей алмай отыр. Тіркеусіз жүргендерде жетеді.  Алайда осы өңірде біраз жылдан бері депутат болып жүрген Иван Сауэр вице-министрдің алдында бұл мәселені жаңа естігендей кейіп танытты.   Ал кешқұрым өткен даулы жиналысқа  ауыл халқын тентіретіп қойған атышулы «Сарытерек» серістестігінен ешкім келмеді. Есесіне, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан оларға  өзі барыпты. «Жанқоразовтың баласы осында әкім болғанда, қол қойып, жердің барлығын беріп жіберген.  Мұндай бассыздыққа жол берілмейді. Мен «Сарытерек» ЖШС иелерімен кездестім. Алдарынан өттім. Өз еріктеріңмен  мына жерді қайтарып беріңдер деген ұсыныс айттқанмын, олар одан  бас тартты. Енді барлығы заңды тұрғыда шешіледі», деді Мұхтар Тайжан.

Астананың айналасындағы Ақмола облысында мұндай мәселе көп. Жалғыз Максимовка емес, Семеновка, Жалғызқұдық, Рақымжан Қошқарбаев ауылдарында да осындай. Тұтас елді мекен аумағы әлдекімдердің меншігінде.

Басқа материалдар

Back to top button