Көріпкел әйел Шыңғысханның жерленген жерін тауыпты

Оңтүстік Қазақстан облысында көріпкел әйел Шыңғысханның жерленген жерін тапқанын мәлімдеді. Гүлжанар Алтынбекованың айтуынша, аты әлемге әйгілі моңғол билеушісі 15 метр тереңдікте екі бөлмелі қабір ішінде жатқан көрінеді. Оның бір бөлмесінде ханның мәйіті, екіншісіне, мінген аты жерленіпті-мыс. Сондықтан 41 жастағы келіншек жұмысшылар жалдап, жер қаздырып жатыр.Бұл туралы «Еуразия» арнасы көрсетті.

 

Ел арасында «абыз ана» атанып кеткен Гүлжанар Алтынбекованың көріпкелдік қасиеті бар көрінеді. Оның ойынша, атақты Шыңғысхан Арыс қаласы маңындағы «Лесхоз» ауылы жанына жерленген-мыс. Мұндай сөзді оған арғы бабасы Манас түсінде аян беріп айтыпты. Міне, содан кейін ол жолдасымен бірге әлгі жерді іздеп тауып, қазуға кіріскен.

Бүгінде тереңдігі 13, ал, ұзындығы 35 метр болып қазылған жер астында бұлақ суы шыққан. Ол түрлі емдік қасиеттерге ие көрінеді. Ішкен адам дертінен айығып, сауығып кетеді,-дейді көріпкелдің жолдасы Сман Өтеген. Одан әрі қолмен қазылған жолмен жүруге тура келеді. Ені бір жарым, ал, биіктігі 2 метр тонельдің жартысын ағаштармен тіреп қойған. Жарық болу үшін қол шамды пайдалану қажет.

Гүлжанар Алтынбекова 9 ғасыр бұрын жерленген әйгілі моңғол билеушісінің осы жерде жатқанына нық сенімді. Қазу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Қабір есігінің алдында тұрмыз,- дейді ол.

ГҮЛЖАНАР АЛТЫНБЕКОВА, КӨРІПКЕЛ:»Қазір, баба 6 метрлік мрамор секілді тас сияқтының үстінде жатыр. Қасында екі шамы бар. Екі шамы жанып тұр. Қасында өзін қорғап жатқан жыланы да жатыр. Қамшысы тұр және тәспісі де тұр»

Ерлі зайыптылардың бұл іспен айналысып жүргендеріне 2 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде түрлі таңғажайып қызықтарға тап болыпты.

СМАН ӨТЕГЕН, КӨРІПКЕЛДІҢ ЖОЛДАСЫ:»Міне, осы тұста баба Шыңғысхан деп жазулы тұр. Екі жерде тұр. Біреуі вертикальный тұр, екіншісі горизонтальный тұр. Оны ешкім жаза алмайды»

Жер асты үңгірін қазып жүргендердің қолында картаға ұқсас тас бар. Көріпкел осы арқылы жолдың жүру бағытын айқындапты.

МАХМЕТКӘРІМ ШАНАСОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:»Бұл кісінің бізге аян бергендегі мақсаты мен монғол емеспін дейді, қазақпын дейді. Соны дәлелдеу үшін. Өйткені, есіктің аузында бізге Шыңғысхан деп қазақша жазып беріп жатыр. Қазақша жазып берген себебі, өзін қазақ екенін білдіріп жатыр».

Жер асты жолында қазылған топырақтар үйіліп жатыр. Оны сыртқа шығаруға жергілікті билік рұқсат етпей жатқан көрінеді. Өйткені, қазба жұмысын жүргізуге арнайы құжат болуы қажет екен. Дегенмен, көріпкелдің болжамына өңірдің тарихшылары да сенімсіздікпен қарап отыр.

АЛЕКСЕЙ ГОНЧАРОВ, ӨЛКЕТАНУШЫ:»Шыңғысханның Оңтүстік Қазақстан облысында жерленгені туралы кез-келген ақпарат шындыққа жараспайды. Бұл нағыз ақымақтық. Өйткені біз манғол билеушісінің қай жылы туылғанын және қай жылы өлгені, қай жерде жерлегенін білеміз. Тархи деректерге сәйкес туған жері Манғол жерінде жерленуі мүмкін».

ПЕРНЕБЕК БІЛӘЛБЕК, ТІЛШІ:»Жарты әлемді билеген Шыңғысханның қабірі нақты қай жерде жатқанын әлі ешкім айта алмайды. Бұл туралы шетелдік ғалымдар мен тарихшылар әлі күнге бас қатырып жүр. Бірақ, осыдан 2 жыл бұрын шетелдік журналист Шыңғысханның қабірі Монғолияның оңтүстігінде таулы аймақтың бірінде жатқанын мәлімдеген-тін. Енді міне, қазақстандық көріпкелдің бірі билеушінің қабірі ОҚО, Арыс аумағы маңында жатқанын айтып, қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Бірақ, мұнда Шыңғысханның қабірі бар ма жоқ па оны дөп басып ешкім айта алмайды. Тек, уақыт көрсетер»

 

Бір пікір

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*