Әкімдер «Рухани жаңғыруды» түсінбеген

Президент өңірлердегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуында сынға алды. Науқаншылдыққа үйір әкімдердің жаңғырудың мән-маңызын түсінбегенін баса айтты.

«Кейбір әкімдіктер күнделікті өздерінің жұмыстарын «Рухани жаңғыру» аясында атқарып жатырмыз деп жариялайды. Мысалы, жыл сайынғы мерекелік жарыстарды, фестивальдерді, спорттық шараларды «Рухани жаңғыруға» жатқыза салады. Сонда олардың «Рухани жаңғыру» не екенін түсінбегені ғой?! Түкке тұрмайтын нысандарды қасиетті орындар деп айтуда», дейді Президент.

Әр жылдың басында Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен мемлекеттік құрылымды түгел жинап, олардың есебін тыңдайды. Бұл сынақта талай шенеунік сүрініп, Елбасынан жылы сөз еститіндері де бар. Әсіресе министрлер Бақыт Сұлтанов пен Жеңіс Қасымбектің жұмысына Президент әрдайым сын айтады. Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан жолдардың сапасының төмендігі үшін, құрылысқа жауапты «Қазавтожол» кәсіпорынының жүмысын қадағаламағаны үшін Инвестициялар және даму министріне «минус» деген бара берді.

Алайда, Бақыт Сұлтановтың  кедендік сала мен салық жүйесіндегі жұмысына Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілі толмады. «Мен саған бүгін екінші ескерту жасап отырмын. Үшіншісі соңғы болуы мүмкін» деді Елбасы.

 

Сурет akorda.kz алынды

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*