АЙМАҚБасты жаңалықтарБөкей ордасы ауданыҚоғамӨҢІРЛЕР

Бөкейордалықтар Нарын құмына алма бағын өсірмек

Бөкейлік азамат У.Нұрғалиев тыңнан түрен салып, құмды мекенде  жаңа  кәсіпті бастады. Ол 2 млн теңге несие алып, Мәмбет ауылының маңынан 6 гектар жерге 190 түп алма ағашының көшетін отырғызыпты. Бағбандықты қолға алған бизнесмен бұдан бөлек, шие өсіруге де білек сыбана кірісуде. Қазір 100 түп көшеті тамыр жая бастаған. Бұл туралы «Жайық Пресс» ақпарат орталығы хабарлады.

Жуырда аудан әкімінің есептік жиынына барған облыс басшысы Алтай Көлгіновке бөкейордалықтар осындай жетістіктерін айтып, марқайып қалыпты.

Қазір Бөкей ордасы ауданында 969 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Сайқын ауылында  ағылшын тілін оқыту орталығы, жиҺаз цехы ашылған. Жалпы ауданда былтыр 5 дүкен, фотосалон, шаштараз, автосервис, жиһаз салоны, наубайхана, шағын пластикалық терезе цехы, 2 сұлулық салоны, дөңгелек жөндеу орны іске қосылған.

 

Басқа материалдар

Back to top button