Басты жаңалықтарСаясат

Сайлау келе жатыр!

25 наурызда елімізде тағы да депутаттық сайлау өтеді. Бұл жолы Парламент емес, мәслихатқа баратын халық  қалаулылары іріктеледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты жариялады.

«Сайлау туралы»  заңның 101-ші және 113-ші баптарына сәйкес 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді екен. Себебі, кейбір депутаттардың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтаған. Олардың бірі басқа жұмысқа ауысса, кейбірі жеке өтінішімен кеткен.  Сондай-ақ, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты мандатын тапсырған тұлғалар да бар.

Депутаттар додасы еліміздің  68 округында өтеді. Ақмола облысы бойынша 3 депутат, Ақтөбе – 4, Алматы — 6, Атырау — 6, Шығыс Қазақстан – 2, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан — 4, Қарағанды – 9, Қостанай – 13, Қызылорда – 4, Манғыстау – 1, Павлодар – 5, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан облысы – 3, Алматы қаласы бойынша 2 депутат сайланады. Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді.

68 депутаттың 10-ы облыстық, 17-і қалалық және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button