ӘлемБасты жаңалықтар

Мұхиттың ар жағынан дұғай сәлем (видео)

Қазақстан Президентінің ресми сапары аясында Америка құрама штаттарына барған біздің түсіру тобы мұхиттың ар жағындағы қаракөздермен көрісіп, олардың ыстық сәлемімен аманатын арқалап келді.

 

АҚШ-қа күнде барып жатқан жоқпыз. Сәті түскен сапарда Вашингтон мен Нью- Йорктің көрікті жерлерін түсіріп жүргенбіз. Кенет су бұрқақтың жанынан суретке түсіп, мәз майрам болып жатқан адамдарды көріп, көзімізге оттай басылды. Қазақ шығар деп топшыладық.

БАЯН БИСЕНБАЕВА –НЬЮ-ЙОРК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Сәлеметсіздер ме, сіздерді қазақтар шығар деп шамалап келе жатқанбыз?

-Сіздер Қазақстаннансыз ба? Иә.

-Осы жақты тұрып жатсзыздар ма, апай сіз ше?

-Ағылшынша білесіз бе?

-Үйреніп жатырмын.

-Қиын емес пе?

-Қиындығы бар, шамалап үйреніп жатырмын, үйренуге болады.

Отбасымен серуендеп, басқа штаттан келген достарын қыдыртып жүрген Бауыржан бізді көріп қатты қуанды. Ағынан жарылып, бәрін айтып жатыр. Жырақта жүрген жанға бәрі ыстық. Таңдана, таңғала сұрауда. Үйіне де шақырды, бірақ уақытымыз тығыз, бара алмадық.

БАУЫРЖАН ӘЛІБЕКОВ —  НЬЮ-ЙОРК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Бұрын Қазақстан дегенде көбі білмейтін. Қазір Қазақстаннанбыз десең таң қалып жатады. Біз сендерді білеміз деп. Елбасының жұмысын айтып жатады. Димашты айтады, Головкинді айтады. Қазақстаннан өте көп. Бұл жердегі қазақтар ұйымшыл».

Америкада мектеп табалдырығын аттаған Бауыржанның балалары қазір қазақша да, ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Қазақстандық делегацияның келгенін естіген АҚШ-тағы қазақ студенттері де бізді қонақ үйге іздеп келіпті. Үздік оқу орындарында білім алып жатқан жастардың  елге деген махаббаты бөлек.

АЯГӨЗ БАҚТЫГЕРЕЙ – СТУДЕНТ:«Біздің елімізден қазақтар келді  деген соң осы жерге жиналып, көргеніміге өте қуаныштымыз. Тарихтағы нәрсе болып жатыр десе де болады. Осында бес мыңға жуық қазақ бар. Біз апта сайын, ай сайын жиналып тұрамыз».

Нью-Йоркке иін тірескен халық. Көлік те көп. Қаланың іші қайнап жатыр. Ал ел астанасы Вашингтонның келбеті де, тыныс-тіршілігі де бөлек. Әсіресе сәні мен сәулеті ерекше көз тартады.

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ:»Географиялық  жағынан таулы, қыратты болмаса да  Вашингтонда биік ғимарат жоқтың қасы. Нақтырақ айтсақ, АҚШ конгресі орналасқан Капитолиймен Ақ үйден биік нысан салынбаған».

АҚШ астанасында музей көп. Бәріне кіру тегін. Елдің қалыптасып, дамуына үлес қосқан тұлғаларын да дәріптеген ескерткіш жетерлік. Тіл білген қандай жақсы. Америкалықтарды да сөз тартып, Қазақстан туралы сұрадық:

  • Мен Астананы білемін, өте көрікті қала. Жолым түссе барғым келеді.
  • Мен жергілікті телеарнадан Қазақстан Прензидентінің Вашингтонға келгенін естідім. Көптеген мәселелер талқыланған.

 

Америкадағы қандастарымыз тек шетелде білім алып жатқан жоқ, мұхиттың ар жағында өздерін мойындатып жүр.

АЛТЫНАЙ АРАПОВА — НЬЮ-ЙОРК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «2006 жылы келгенмін Вашингтон қаласына. Бакалавр бағдарламасымен білім алып, жұмыс істеймін. Қазір Колумбийский университетте білім алудамын. Бұл университетте Қазақстаннан келген 20-ға жуық адам білім алып жатыр.  Тек Нью-Йорк қаласында өз бизнесін ашқан қазақтар өте көп. Стартап жасап жатқан жастар бар».

Гүлнар Фебрес осыдан 22 жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударыпты. Көп маманның бірі емес, Дүниежүзілік банктің білдей қызметкері. Алдымен оқуға келіп, кейіннен Вашингтонда тұрақтап қалған қазақ қызының алтын асықтай 4 ұлы бар. Гүлнардың келбетіне қарап немере сүйген әже деп айта алмайсың.

ГҮЛНАР ФЕБРЕС – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Мен  22 жылдан бері Америка құрама штатында жұмыс істеймін. Қазір қаржы менеджменті бойынша арнайы жобаға жауаптымын. Осы жылдар ішінде банктегі әртүрлі департаменттерде еңбек еттім».

АҚШ-та туып өскен 11 жастағы Лола қазаққа жиен. Нағашы жұртқа жиі келеді. Қазір де даланың дәм-тұзын сағынып жүр екен. Тіпті біздің биді де үйреніп алып, күй тартылса делебесі қозады.

ЛОЛО ФАРКАС: «Мен Қазақстанда жиі боламын. Әжеме барып тұрамын. Әсіресе маған тағамдары мен мәдениеті ұнайды».

АҚШ-тағы қазақтар наурыз мерекесін ерекше атап өтеді. Әр жұма сайын қазақтың мейраманасында бас қосып, ет асып жейміз дейді. Тіпті Гүлдер атты ансамбль құрып, ұлттық биімізді де Мұхиттың ар жағында насихаттап жүр. Олардың жақсыдан үйренгендерін елге келіп жүзегеа сырсақ деген   арманы бар.

Артур Мағзомов, Қайрат Салықов, АҚШ

Басқа материалдар

Back to top button