Басты жаңалықтарБілім

Астаналық оқушыларға анайы брошюра таратылды

Жаға ұстатар жағдай Астанадағы білім ордаларының бірінде болған. Жыныстық қатынас туралы анайы брошюра таратқан мектепке тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова мәлімдеді.

Астанадағы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Жастар мен жасөспірімдердің репродуктикті денсаулығы» орталығы жыныстық тәрбие туралы лекция оқып, артынша осындай парақшалар таратқан.

Баласының қолынан презервативті қолдану, жыныстық қатынас туралы анайы түрде қазақша жазылған брошюраны көрген ата-аналар жағаларын ұстап отыр.

«Менде  қатты таң қалдым. Тіпті презервативті қалай қолдану керек,  жігіттерді қанағаттандыру керектігі де жазылыпты.  Масқара.  Менде   қыз тәрбиелеп отырмын», дейді  елордалық ата-ана  Г.Әбенова

Алайда, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен  қалалық білім басқармасы бір-біріне сілтеп отыр.  Ал анайы түрде жазылған парақшаларды мектепте оқытуға, оқушыларға  таратуға кімнің рұқсат бергені анықталатын болады.

«Министрлікте білім саласын бақылайтын арнайы комитет бар. Осы жағдай бойынша олар қызметтік тексеріске кіріседі. Мұндай парақшаны таратуға кім пәрмен берді, қала таратылды, барлығын анықтап, мәлімдейтін боламыз» ,- дейді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Басқа материалдар

Back to top button